«Ұлыма сай емессің»: Келіні енесінің сөзіне шыдамай, оның басын кесіп тастады (фото)
Фото: «Азаттық» радиосы
Тергеу барысында Кашка-Суу Чон-Алай ауданының 51 жастағы тұрғынын өлтірді деген айыппен оның туған келіні мен келіннің әпкесі қамауға алынған.
«Іс түйіні шешілді деп айтса болады. Қазіргі таңда қайтыс болған әйелдің 26 жастағы келіні мен оның 37 жастағы әпкесі ұсталды», — деп мәлімдеді Ош қаласы ІІБ баспасөз хатшысы Замир Сыдықов.
Қылмыс екі тараптың өзара сөзге келісіп қалуы салдарынан туындаған.
«Оқиға орын алардан екі күн бұрын қайтыс болған әйел ұлының үйіне келген. Келінінің айтуынша, оның енесімен қарым-қатынасы дұрыс болмай, бұған дейін де ұрыс-керіс болған. 26 тамыз күні оның ұлы жұмысқа кеткен. Ал енесі болса, келініне: «Ұлыма тең емессің, екеуіңнің бірге тұруыңа жол бермеймін», — деген сөздер айтып, жатып қалған. Енесінің сөзіне қорланған келін даладан тас әкеліп, оны бірнеше рет ұрған. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған.
Ал келіннің әпкесі болса, сіңлісіне көмекке келгенін айтады. Олар оның өлі денесін үлкен сөмкеге салып, балконға шығарған. Балалар көріп қоймауы үшін, әпкесі олармен серкендеуге кетеді. Ал келіні болса, өліп қалған енесінің басын кесіп, бөлек пакетте салмақ болған.
Осылайша олар мәйіттің басы мен денесін бөлек-бөлек қоқыс жәшігіне апарып тастаған.
Оның басы әлі табылмаған. Сондықтан жерлеу рәсімі де әлі өткізілмей отыр.
Әйелдің ұлы әйелі мен анасы араснда кикілжіңдер болғанын растады. Алайда, оның айтуынша, бұл ұрыс осылай аяқталарын білмеген.
26 жастағы күдіктінің ұлы мен қызы бар.
newstaraz.kz