Ұлынан таяқ жеген қостанайлық қария жанайқайын айтты
Көрнекі сурет. Фото: vk.com
Қарттың айтуынша, өз үйінде ұлы оған дөрекі сөздер айтып, қол жұмсаған.
«Бұған дейін де айыпкер өткен жылдың наурыз айында отбасылық-тұрмыстық қатынастарда құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Дегенмен ол бұл ескертуден сабақ алмады, сонымен қоса осы жолғы әрекеті үшін де өзін кінәлі санамады және еш өкініші жоқ екенін айтты», — дейді прокуратура қызметкерлері.
Ал қария өз ұлына мүмкіндігінше жаза тағайындауды сұрады. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен тәртіп бұзушы 10 күнге қамауға алынатын болды. Сот шешімі күшіне енген жоқ.
newstaraz.kz