Мәскеу орталығындағы өрттен бір тәжік азаматы опат болды
Мәскеу орталығында жанып кеткен ғимарат үйіндісі астынан жеті адамның сүйегі қазып алынды. Олардың арасында Тәжікстанның бір азаматы бар, деп хабарлады Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі.
Мәскеу қаласының Каленчев алаңы маңындағы ауданда екі қабатты кірпіш үй өртенді. Мұнда жиһаз дүкені мен гүлдер дүкенінің қоймасы орналасқан. Өрт 2500 шаршы метрді шарпыды.
РИА Новости мәліметінше, опат болғандар арасында алты ресейлік және бір тәжік азаматы бар. Үйінді астынан шығарылған сүйектерге сот-медицина сараптамасы жүргізіледі.
Өрт сөндіруге 42 техника жұмылдырылды. Олардың арасында үш тікұшақ пен бір өрт сөндіру пойызы бар. Соған қарамастан өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бес сағат бойы күрескен. Ғимарат толық жанып кетті, қабаттар арасындағы белдеу де опырылып түсті.
Ресейдің тергеу комитеті қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет үшін қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер қоймадағы тауарлар дұрыс сақталмағанын, өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылғанын анықтаған.
newstaraz.kz