Мұғаліммен жанжалдасып, сөз қайтарған оқушы желідегілерге жақпай қалды (ВИДЕО)
Сабақ барысында мұғаліммен сөз салғыласып, айтқанын жасамай қойған оқушының әрекеті елдің ашуына тиді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде тарап кеткен видеода оқытушы мен оқушы арасындағы жанжалды байқауға болады. Әлденеге келіспей қалған мұғалім мен оқушы арасында ұрыс туып, ұстаздың сөзін құлағына елемеген оқушы өзінің әрекетін дұрыс екенін алға тартады. Тіпті мұғалімінң «отыр орныңа» деген сөзіне ол: «Отырмаймын ал, не істейсің?» деп жауап қайтарады. Сонымен қатар мектеп оқушысы дауласу барысында өз құқығын алға тартып шығады. Білім ошағында орын алған бұл жағдайды көрген желідегілердің басым көпшілігі ұстазды жақтап шықты.
«Мұғалімнің орнында мен болғанда ғой, әкесін танытар едім», «Мектеп — екінші үйің, ұстаз — екінші анаң» деп тәрбие беретін еді ғой. Қазір ондай құрмет жоқ. Осы видеоны көрген ата-ананың намысына тиеді ме екен баласының қылығы» деп пікір қалдырды желідегілер. Сонымен қатар кейбірі бүгінде ел арасында мұғалімнің беделі төмендеп кеткеніне қынжылды.
«Баяғыда мұғалім келе жатыр десе, қорқатын едік. Қазір мұғалімнің қадірі қалмады. Ол ата-анаға байланыст», «Осы біз кезінде мұғалімнен «указкамен» таяқ жейтін едік, қорқатын едік. Сол таяқтың пайдасы көп тиіп жатыр. Ол мұғалімді жек көрмейміз, қайта жақсы көреміз, сыйлаймыз. Ал қазіргі оқушыларға сөйлеуге болмайды, ол сонда қандай білім алады», «Түрлі заң шығарып, оқушыларды дандайсытып қойды, мұғалімнің абыройын төмендетіп. Айқайлауға құқыңыз бар ма дейді, өзінің айқайлауға құқы бардай. Әке-шешесіне де солай айқайлайды-ау шамасы үйінде…» деп жазды желідегілер.