Новости на Newstaraz.

Мәдина Сәдуақасова: Шоу-бизнесте тоқал болып жүрген қыздарды мүлде аямаймын

newstaraz.kz

Қалың көрерменнің сүйікті әншісіне айналған, отандық шоу-бизнесте жүргеніне 20 жылдан асқан Мәдина Сәдуақасоваға қатысты ел арасында түрлі әңгімелер айтылады. Біреулер оны өте көрікті әнші десе, тағы біреулер «өзінен кіші жігіттің басын айналдырып алған» деп сөгіп жатады. NUR.KZ порталына эксклюзивті сұхбат берген Мәдина жеке өміріне қатысты айтылатын көптеген алып-қашпа әңгіменің нүктесін қойды.

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

— Мәдина ханым,қоныс ауыстырып жаңа үйге көшіп жатқаныңызды білеміз. Өміріңіз бен  шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар бар?

— Өмірімде болып жатқан жаңалықтың бірі —  жақында үш бөлмелі пәтер алдым. Қазір қоныс аударып, үйімді жайғастырып жатырмын. Алматының жоғары жағында орналасқан, әдемі үй. Ертегі жазатын жазушы Райхан Аманиядан сатып алдым. Ол кісінің үйі сондай шығармашылыққа толы. Әрбір деталь, ванна, гардероб бәрі – бәрі өзінше ерекше. Сол үйді көрдім, одан кейін мүлдем ешқандай пәтер қараған жоқпын. Бұл менің алғашқы және соңғы қараған пәтерім. Үйдің аурасы құдды ертегіге кіргендей әсер қалдырады, сол себепті үйді ойланбастан сатып алдық. Қазір қонақ күтіп жатырмын. Қоныс той бар, туған күнімді де тойладым. Сәкен Майғазиев және Мақпал Исабековамен көршімін. Шыны керек, ол жерде ішім пыспайды. Балам тіптін мәз. Құдай қаласа, сол үйде бақытты ғұмыр кешуге дайындалып жатырмыз.

— Құпия болмаса үйіңізді қаншаға сатып алдыңыз?

— Арзан үй емес. Ең бастысы —  маған мотивация беретіндей шығармашылыққа толы үй. Тіпті саудаласқан да жоқпыз. Екі жақтың да көңілінен шығатындай баға болды. Жеке шығармашылыққа келетін болсақ, әнші үшін шығармашылық дегеніміз – ән. Қазір көптеген композиторларға тапсырыс бердім. Шығармашылығыма басқа деммен, жаңа энергиямен дайындалып келдім. Айри деген жас әншімен дуэт орындаймын. Бұйырс, тыңдармандарымды қуантамын. Жақында менің жеке сайтым ашылады. Онда барша тыңдармандарыммен, жанкүйерлеріммен кездесемін. Сұрақтарына жауап беремін. Барша әндерім сол сайтта болады.

Бүгінде Instagram желісінде 2 миллион оқырманыңыз бар. Жеке парақшаңызды өзіңіз жүргізесіз бе?

— Мен Instagram желісіне баламды босанып болған соң, кештеу келдім. Парақшамды пиар директорым Маржан жүргізеді, сондай-ақ, өзім де жиі кіріп отырамын.

Желідегі оқырмандардың жағымсыз пікірлерін  қалай қабылдайсыз?

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

— Екі миллион оқырманым бар болған соң, онда бәрі бар. Негатив те, позитив те, түрлі сыни пікірлер  де кездеседі. Бұл Instagram мені көп нәрсеге үйретті. Байқасаңыз, менің парақшамда негатив аз. Көбіне менің фигурама тиіседі, бес тонна, он тонна деп макияжды айтады, одан кейін жолдасыма тиіседі. Жолдасыма сөз тигізгендерді мен аямаймын. Ол өзі әлеуметтік желіде мүлдем отырмайды. Кейбір пікірлерді көргенде көңіл-күйің түсіп кетеді. Сосын мен оны жазған адамның парақшасына кіріп, кім екен деп қараймын (күліп). Шынын айтсам, маған пікір жазған әр адаммен соттасып отырмаймын, ұнамаған пікір болса өшіріп тастайтын адамдар бар. Бір айтарым, кім менің отбасыма тиіседі, мен ол адамды аямаймын.

 Ашық көйлек киеді деп сізді тыңдармандарыңыз жиі сынға алып жатады. Ең алғаш «Сүйген жүрек» әнімен купальникте бейнебаянға түскен әншілердің бірісіз. Қазақ қыздарының ашық киімді батыл киюіне жол ашып бердім деп ойламайсыз ба?

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

— Жоқ, әрине. Бұл сөзіңізбен  келіспеймін. Мен купальникпен жүргенде, кейбіреулер купальниксіз жүрген. Мен ерсі, ұсқынсыз, нәпсі оятатын киімдерді кимеймін. Тіпті сол купальниктің өзі 60-шы жылдардағыдай жабық, әдемі болды. Ол кадрдың өзін алыстан түсірді. Оның үстіне бейнебаянда мен бассейнде жүремін, енді ол жерде мен басқа қандай киім киемін?! Сол себепті мен ол бастаманы бастадым деп айта алмаймын. Байқасаңыздар, тұрмысқа шыққалы мен жабық киімдер киетін болдым. Жалпы, бұл сахна, эстрада ол жерде бәрі әдемі, эстетикаға сай болуы тиіс. Мен ешқашан қатты көзге оғаш көрінетін киім киген емеспін.

Ең қымбат көйлегіңіздің құны қанша?

— Төрт мың доллар. Жалпы эстарадалық көйлектерге қарағанда, қазақша көйлектерімнің құны қымбаттау тұрады. Көбінің бағасы мың, екі мың доллардың айналасы.

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

— Бүгінде журналистер де, халық та әншілердің өмірін Instagram арқылы қарап отырады. Қай әншінің парақшасын қарасаң да, бірін-бірі мақтап, «бауырым, досым, жаным-күнім» деп жазып жатады. Бәріңіз бір-біріңізбен сондай тату, дос сияқтысыздар. Жалпы, өнер адамдарының арасында достық бар ма?

— Біздің толқынның арасында шынайы достық бар. Олардың қатарына Сәкен, Индира, Мейрамбек, Қарақат, Алтынай, Саяттарды, яғни, біздің замандастарымызды кіргізуге болады. Негізі, біздің буын осы. Біз өте татумыз, ауызбіршілігіміз өте мықты. Сол үшін ешкімге берілмейміз, үлкен толқын сияқты біргеміз. Қазақтың жері қандай кең болса, пейілі де сондай кең ғой. Бір-бірімізді көре алмайтындай не болыпты?! Әркімнің өз тыңдарманы бар.

— Қарақат ханыммен жақын құрбысыздар. Ол кісімен достығыңыз қашан басталды?

Мәдина Сәдуақасова құрбысы Қарақ Әбілдинаның үйінде. Фото: Instagram

— Қарақатпен достығымыз сонау 1999 жылы,  алғаш танысқаннан басталған. Қазір Қарақат қызды болып, бақыттан басы айналып жүр. Оның періштесі, оның өмірінің гүлі — Аяла. Біздің ортақ чатымыз бар, сол чатқа Аяланың суретін жіберіп, бәріміз кішкентай періштемізді көріп отырамыз. Біздің де  қызды болғымыз келеді. Қарақат еңбекқорлығы мықты, адамгершілігі зор, сұлу келіншек.

— Қазақ эстрадасындағы сыртқы келбеті көп өзгермеген, өзіндік харизмасы, стилі бар әншісіз. Осы қалпыңызды сақтауыңыздың қандай құпиясы бар?

— Ең алдымен әке-шешемнің, бауырларым мен қазіргі отбасымның, ұлымның тілегі мен қолдауының арқасы. Мен өзі өте жолы болғыш адаммын, оның да әсері бар шығар. Одан кейін менің айналамдағы адамдарың әсері, көрермендерімнің қолдауы. Халқым ешқашан мені елеусіз қалдырған емес, қайда барсам да зор ықыласпен күтіп алып жатады. Ал жеке күтіміме келетін болсам, өзіме қатал қараймын. Бала босанған соң екі айдан кейін диета ұстадым. Спортпен айналысамын, жеке диетологым бар, мені шөппен емдейтін емшім бар. Көп ауырмаймын және мүлдем дәрі ішпеймін. Емшінің қайнатып берген шөптерімен емделемін. Бет күтіміме қарайтын косметологтарым бар. Жалпы, айналаңдағы адамдардың энергиясы, жылуы болмаса, байлығың да, басқа дүниең де түкке керек емес. Сол себепті, бірінші кезек жақсы адамдардың арқасы деп білемін.

— Соңғы кезде шоу-бизнесте жас қыздардың отбасылы адамға екінші жар болуы жиілеп барады. Сіздің оларға деген көзқарасыңыз қандай?

— Әркімнің өз өмірі, өз көзқарасы, өз ойы, шешімі бар. Сол себепті, менің оларға пікір айтуға хақым жоқ. Кімнің өмірінде қандай жағдай болып жатқанын білмеймін. Менің жеке өмірімде де сәтсіздіктер орын алған, мені де сынап жататындар болады. Сондықтан оларға қатысты сыни пікір айтқым келмейді. Бір ғана айтатыным, балалардың жылағанын қаламаймын. Әрине тағдыр ғой, дегенмен сол жағдайда мен: «балалар жылап қалды ма екен, жүрегі ауырып қалды ма екен», — деп бірінші кезекте соны ойлаймын. Тоқалдыққа тиіп жатқан қыздар өздеріне жақсы болған соң тиетін шығар, оларды мүлде аямаймын. Мен әйел ретінде, ана ретінде тоқал алып жатқан азаматтың бірінші жары мен балалары қандай сезімде болды екен деп ойлаймын.

— Кейінгі кезде ұлыңыз Әнуарды желідегі парақшаңызға жиі салып жүрсіз. Көпшілік ұлыңызды сізге ұқсатып жатады. Балаңызды арнайы курстарға немесе балабақшаға апарасыз ба?

Мәдина Сәдуақасованың ұлы Әнуар. Фото: Instagram

  Баламның мінезі жүз пайыз менікі, ал сыртқы келбеті айнымаған әкесі. Әкесінің жанында болса, соған қарап салмақты болып кетеді. Негізі өзі күлегеш, көңілді бала.  Ұлым негізі орыс тілді. Бірақ, біз Әнуарды қазақ балабақшасына бердік. Қашан қазақша сөйлейді екен деп жүрміз. Әкесі мен әжесі де онымен қазақша сөйлеседі. Мен бір құпиямды айтайын, қазір негізгі арманым – қызды болу.

—  Сізді екіншісіне жүкті деген болжамдар айтылып жатыр…

 Ондай болжамдар өте көп болды. Шынын айтсам, мұндай жаңалықты естудің өзі көңілге сондай жағымды естіледі. Бір кездері көпшілік мені «баласы жоқ, отбасы жоқ, қара басын ойлап қалған» деп сынаса, қазір «о, ұлың қалай» дейді да, бәрі менің ішіме қарап жатады. Кішкене толып қалсам, өздерінше болжам жасайды (күліп).

Ол былай тұрсын, қазір балабақшаға барып жүрген Әнуардың апайлары балаңыз әңгімені көп айтады, бізге не айтып бергенін айтайын ба дейді. Иә, деп тыңдасам: «Менің анамның ішінде кішкентай «бөпешка» өмір сүреді» деп айтады екен. Енді мұны естіген соң, жоқ деп айта алмайсың. Баяғыдағы сыни әңгімелерден кейін, мен қазір мұндай қуанышты болжамдарға «әумин» деп жатамын.

—  Ұлыңызды гастрольге кеткенде кімге тастап кетесіз?

  Ұлымды қарайтын адам жетеді. Өзінің апасы мен әжелері бар, тәтелері бар.

—  Ата-енеңізбен бірге тұрасыз ба?

—   Ата-енеммен осы уақытқа дейін бірге тұрдым. Жаңа үйге көшкелі ғана бөлек тұрып жатырмыз.

 Жеке кешіңізде өзіңіздің ата-анаңыз, жолдасыңыз жайлы айттыңыз. Бірақ, енеңіз жайлы бір ауыз сөз қозғамадыңыз. Оның себебі неде?

Мәдина Сәдуақасова. Фото: Instagram

  Біздің үйлену тойымыздың кешінде бір арна жасырын камерамен кіріп, жасырын сюжет жасаған. Содан олар біздің тойымызды, менің қайын енемді түсіріп алған. Кейіннен көпшілік оны талқылап, түрлі әңгімелер айтылды. Осы оқиғадан кейін енем өзі туралы ақпараттың ешқайда шыққанын қаламайтынын жеткізді, тіпті «Instagram-ға да суретімді салма» деді. Маған ол кісінің бір ауыз ескертуі жеткілікті. Әйтпесе, қайын енеммен қарым-қатынасымыз жақсы. Осы уақытқа дейін бірге тұрып келдік.

—  Күйеуіңіз өзіңізден алты жарым жасқа кіші. Сізді көпшілік жас жігіттің басын айналдырып алды деп жатады. Бұған не дейсіз?

Мәдина Сәдуақасова жұбайы Олжаспен. Фото: Instagram

  Біз үйленгенге дейін Олжас төрт жыл бойы маған қамқор болып жүрді. Төрт жыл бойы менің қуанышымда да, қайғымда да бірге жүрді. Мысалы, менің үйімді тонап кеткенде, жеке кешімді бергенде, сәтсіздікке ұшыраған Азияда кезінде, мен ҚазҰУ-ға оқуға түскенде келіп көмектесетін. Мен оның басын айналдырған емеспін. Алғашында тіпті мен оны жанашыр, дос адам деп қабылдағанмын. Себебі ол маған «сіз» деп сөйлейтін. Кейіннен ол түрлі сыйлықтар жасай бастады, туған күнімнің бәрінде жанымда болды, жаңа жылдарды бірге қарсы алатынбыз. 8-ші қыркүйек тура 35-ші туған күнімде ол маған ұсыныс жасап, ақ түсті айфон телефоны мен неке жүзігін сыйлады. Ұсыныс жасағаннан кейін ол маған тура ертең АХЖ-ға барайық деді. 2009 жылы алғаш аппақ раушан гүлдерімен келген кездегі оның айтқан сөздері мынау болды: «Сен менің жарым боласың, біздің тойымыз болады. Және әйелім болған кезде, кекіліңді жинап жүресің» деген.

—  Сахнаға сол себепті кекіліңізді жинап шығып жүрсіз бе?

  Жоқ, стилистерімнің өзі қазір кекілімді жинап тастайтын болды. Олжасты танитыныма міне сегіз жылдан асты. Осы уақыт аралығында мен Олжастың өзімнен кіші екенін сезініп көрмеппін, керісінше ол менен үлкен сияқты. Оның үстіне мінезі сабырлы жан. Мен көңілді, ашық, көп сөйлейтін адам болсам, ол салмақты. Сол себепті біз бір-бірімізді толықтырып тұрамыз.

—  Не дегенмен көптің алдында жүресіз, көріктісіз, танымалсыз. Күйеуіңіз сізді қызғанбай ма?

Мәдина Сәдуақасов. Фото: Instagram

  Қызғанышы бар болса да, ол маған көрсеткен емес.

—  Сіз ше?

  Мен қызғаншақ адам емеспін. Мүмкін кейін қызғанатын шығармын.

— Ай сайын көйлегіңіз, макияжыңыз, жалпы жеке басыңызға қанша қаражат жұмсайсыз?

Мәдина мен Қайрат. Фото: Instagram

 Есептемейді екенмін. Ақша қалай келеді, солай кетеді.

— Тойға жиі шығасыз ба?

 Тойға шығамын, ән айтамын. Бірақ, той жүргізбеймін. 20 пайыз тойда жүрсем, 70 пайыз концертте жүремін.

—  Сырлы сұхбатыңыз үшін алғысымды білдіремін!

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »