МӘМС-ті енгізу қазақстандықтардың әл-ауқатына әсерін тигізеді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мәліметі бойынша, жалпы қайтыс болған адамдардың 74 проценті созылмалы аурулар салдарынан көз жұмған. Көрсеткіштің ең көбі, яғни 41 проценті қан айналымы жүйесінің, 22 проценті — тыныс алу мүшелері, 20 проценті — онкологиялық аурулардың салдарынан болып жатады. Қалған 17 процентте жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану және ас қорыту жүйесі аурулары себепкер болады.
Мұндай көрсеткіштер халықтың аурулардың алдын алуға ден қоя бермейтіндігінің дәлелі. Қазақстанның әрбір оныншы тұрғыны медициналық көмекке қысылтаяң жағдайда ғана жүгінеді. Жыл сайынғы 2,9 млн госпитализацияның 68 проценті немесе 1,9 млн адам – бұл шұғыл пациенттер.
Астана қаласы бойынша «ӘМСҚ» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Қазақстанда 2017 жылы денсаулық сақтау саласына жұмсалған жалпы шығын көлемі жалпы ішкі өнімнің 3,7 процентін құрады. Денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығын жалпы ішкі өнімнің 6 процентін құрайтын, даму жағынан Қазақстан тәрізді елдерге қарағанда, бұл анағұрлым төменірек көрсеткіш. Қазақстанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласына жұмсалған шығындар 41 пайызды құрады, бұл шектік деңгейден екі есе жоғары. Сонымен қатар жеке шығындардың 30 проценттен астамы кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде мағлұмдалған ақылы медициналық қызметтерді сатып алуға жұмсалады.
Қазақстанда негізгі демографиялық тренд ретінде өмір сүру ұзақтығы, тұрғындардың жас-жыныстық құрамының өзгеруі қарастырылады. Елімізде 2006 жылдан бері өмір сүру ұзақтығы 6,3 жылға ұлғайды, бұл көрсеткіш келешекте өседі деп болжанып отыр. Алдағы уақытта медициналық қызметтерді белсенді тұтынушылардың саны ары қарай өседі деп күтілуде. 2025 жылға қарай Қазақстанда балалар саны 5,6 миллионнан 6,9 миллион адамға дейін, яғни 23 процентке өседі деп болжанып отыр. Сонымен қатар егде жастағы адамдар саны 41 процентке 1,9-дан 2,8 миллион адамға дейін өседі. Осы тұрғыда отандық денсаулық сақтау саласы тұрғындардың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуі тиіс.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін қосымша құралдарды енгізуді қарастырады, яғни, өз тарапынан азаматтардың әл-ауқатын жоғарылату мен Қазақстандағы өмір сапасын жақсартуға септігін тигізеді.
Гүлзира Жібекенова
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша
филиалының тұрғындарды ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы
тел: +77778373344