Мұсылман мен христианнан туған баланы сүндеттеу керек пе, әлде шоқындыру керек пе?
Көрнекі фото: Comode.kz
Еліміз көпұлтты және көпдінді мемлекет болғандықтан соңғы уақытта аралас некелердің тіркелуі жиілеп отыр. Бұл заңды құбылыс. Дегенмен, мұсылман мен христиан өкілдері көңіл жарастырып, үйленген жағдайда, олардан туған баланы сүндеттеу керек пе, әлде шоқындыру ма?
Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездескен Орал және Ақтөбе архиепискобы Антоний айтып берді деп жазады Times.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz.
«Мәселен, қазақ жігіті орыс қызға ғашық болып қалды. Бір-бірін қатты жақсы көреді, бірақ, діндері басқа. Не істеу керек? Мен мұны барлық облыстарда өткен кездесулерімде айтып жүрмін: ешқандай діни көзқарастарына қарамастан үйленулері керек. Егер ұл туып жатса алдымен сүндеттесін. Араға жыл салып шоқындыруға да болады. Кейін бала 13-14 жасқа толғанда оның өзіне түсіндіріп айтады, таңдауды да сосын өзі жасар», — дейді архиепископ Антоний.
Оның айтуынша, шіркеу қызметкерлері қазіргі таңда қазақ тілін де үйреніп жатқан көрінеді. Бұл келушілермен еркін тіл табысуға септігін тигізбек дейді ол.
newstaraz.kz