Новости на Newstaraz.

Маңғыстау облысында 2019 туберкулезге байланысты аурушаңдық пен өлім-жітім деңгейі тұрақты төмендеген

newstaraz.kz

Маңғыстау облысы туберкулезге қарсы диспансерінің директоры Қуат Титановтың айтуынша, 2017-2019 жылдары туберкулезбен аурушаңдықтың төмендеу қарқыны республика бойынша 12,8% -ды,облыс бойынша — 6,3 %–ды құраса, өлім-жітім көрсеткіші республика бойынша 33,3%-ды,облыс бойынша — 23,1% –ды көрсетті.

2019 жылдың қорытындысы бойынша аурушаңдықтың облыстық көрсеткіші 2,1%-ға төмендеп,100 мың адамға шаққанда 52,3-ті құрады, 2018 жылғы көрсеткіш 53,4-ті құраған болатын.Өлім-жітім көрсеткіші 2018 жылы 100 мың адамға шаққанда 2,2-ні құраса, 2019 жылы көрсеткіш 2,0-ді құрады, яғни өлім-жітім деңгейі 9,1%-ға төмендеді.

Туберкулез бойынша ахуалдың жақсаруына — Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүйелі негізде туберкулезге қарсы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді. Бұл бағдарлама іс-шаралары аясында облыста туберкулезге қарсы қызмет қайта қалыптастырылды, 55 төсек-орынды аудандық туберкулезге қарсы аурухана оңтайландырылып,сезімталдығы сақталған туберкулезді емдейтін 25 төсек-орын мультирезистентті туберкулезді емдеу бөлімі болып қайта бейінделді.

Туберкулез науқастарынамультидисциплинаренгізіп,тұрғындарға туберкулезге қарсы сапалы көмек көрсетуді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында туберкулезге қарсы қызметті Бастапқы санитарлық көмек ұйымдарымен интеграциялау жүргізілді. БМСК мекемелерін фтизиатр мамандарымен қамту- 91,6%, фтизиопедиатрлармен қамту -93,1%-ды құрады.

Облыста туберкулезді зертханалық диагностикалаудың жеделдетілген әдісі уақытылы енгізіліп, үздіксіз қолдануда. Атап айтқанда, Жаһандық қор жобасын жүзеге асыру аясында «ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК тарапынан ОТҚД бактериологиялық зертханасына 2010 жылы қажетті материалдарымен «Baktek MGIT-960»баканализаторы, 2013 жылы қажетті материалдарымен «Gene-Xpert» аппараты сатып алынды.СПИД-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес бойынша Жаһандық қор жобасын жүзеге асыруаясында 2019 жылдың 4-тоқсанында USAID «CallengeTB» жобасын жүзеге асыруда облыстың БМСК ұйымдары үшін 14 953 423 теңгеге 3 дана қосмодульді «Gene-Xpert» аппараты сатып алынды. Батериологиялық анализатор қажетті материалдарымен үздіксіз қамтамасыз етілуде, соның нәтижесінде қатты және сұйық қоректік орталарда өсінді зерттеу әдісімен науқастар 100% –ға қамтылды.

Ем басталмас бұрын барлық науқастардың дәріге сезімталдығына тест жүргізіліп, тест нәтижесіне сәйкес емдеу схемасы таңдалады. 2018 жылдың ақпан айынан бастап облыста туберкулезді емдеудің жаңа схемалары енгізілді: ауқымды дәріге төзімді науқастарды емдеу үшін жеке режим және шектеулі процесстерімен көп дәріге төзімді науқастар үшін қысқа мерзімді емдеу режимі (9-12 ай).

Жыл сайын облыс бойынша 670-700 адамға туберкулезге қарсы ем тағайындалып, ем стационарлы түрде де, амбулаторлы түрде де жүргізіледі. Амбулаторлы ем жүргізу үшін облыстың барлық амбулаторлық-емханалық ұйымдарында сертификаттары бар мамандармен қамтамасыз етілген химизатор кабинеттері ашылды, химизаторлар жылда ОТҚД базасында оқыту сабақтарын алады.

2018 жылдың қазан айынан бастап бейне бақылаулы ем (ВНЛ) әдісі енгізілді. 2019 жыл емдеудің мұндай әдісімен 031 науқас қамтылды. 2019 жылы USAID «CallengeTB» жобасын жүзеге асыру аясында Орталық Азиядағы туберкулезбен күрес бойынша KNCV өкілеттігі тарапынан сим-картасы және жады-картасымен бірге сомасы 1 840 000 теңгеге 20 дана планшет сатып алынды. Планшеттер ББЕ (ВНЛ) жүргізу үшін қала/ауданның тікелей бақылаулы ем көрсететін бөлімдеріне таратылып берілді.

Науқастар туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектермен 100%-ға қамтамасыз етіледі. Жаңа жағдай, сезімталдығы сақталған туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу тиімділігі 2019 жылы 93,5% құрады, 2018 жылы -97,1% (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы стандарты — 85%). 2016 жылы тіркелген көп дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің тиімділігі 84,5% құрады (2014 жылы — 78,5%, 2015 жылы — 79,6%,), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы стандарты — 75% -ды құрайды.

Маңғыстау облыстық

денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »