Меккеде белгісіз біреулер қасиетті қағбаны өртемек болған
Фото. Hibatulla.kz
Әл-харам мешітінде дәл қазір умра қажылығын өтеушілер бар. Киелі қара тасқа от қоймақшы болған адам қажылардың бірі ретінде мешіт ішіне кірмек болған. Бұл туралы Сауд Арабиясында білім алып жүрген қазақстандық Акбар Исмаилов атты студент өз парақшасында жариялады.
Қажылар қағбаны айнала тәуәп жасап жүргенде тәртіп сақшыларының бірі қолында күдікті бөтелкесі бар адамды байқап қалған. Бөтелкедегі сұйықтық бензин екені белгілі болды.
Қаскөйдің йемендік екені айтылуда. Қолға түскен адамды бір топ сақшы сыртқа алып кетті. Қағбаға от қоймақ болған хусииттік шийт болуы мүмкін дейді алғашқы ақпарлар.
newstaraz.kz