МЕКТЕПКЕ ЖОЛ НАУҚАНЫ
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында «30 игіс іс» аясында өтіп жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл Шымкент гарнизонының әскери бөлімдерінде «Балаларға бірге көмек берейік!» ұранымен ұйымдастырылуда.
Аталған шара әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларды қолдап, балаларға мектепке нақты дайын болуына ықпал ету үшін ұйымдастырылады.
Игі істі қолдаған Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының бастамасымен және жеке құрамның қолдауымен оқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасы тарту етті. Сыйлықтарды тарту барысында жылы тілектер айтылып, жаңа оқу жылы сәтті басталсын деген лебіздер жеткізілді.
–Мектепке жол қайырымдылық науқаны аясында бір баланың болса да мектепке дайындығына, оқуға қажетті құрал-жабдығын алуға өз үлесімізді қосу игі іс деп ойлаймын. Бұндай қайырымдылық шаралары келешекте де жалғасын табатыны сөзсіз. Өйткені, жастар біздің болашағымыз. Келешек ұрпақтарымыз білімді, білікті болғай, – деді қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары майор Жандос Күлдербаев.
Айта кетсек, науқан еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтуде.
2-ші сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі.