Өмірінде қарды бірінші рет көрген шаңғышы желіде жұлдыз болды (видео)
Адриан Солано. Фото: Фото: www.bbc.co.uk
Венесуэлалық шаңғышы жеңімпаздан 40 минутқа қалып келді. Бұған шаңғышының қарды өмірінде алғаш рет көруі себеп болған.
Осыған дейін Солано Каракас көшелерінде роликті шаңғы теуіп жаттыққан екен. Айта кететін тағы бір жайт, спортшы Әлем чемпионатына өз қалтасынан ақша шығарып барған.
Тіпті, үйіне қайтар жолда тамаққа да ақшасы жетпеген. Бұл аздай, Франция әуежайында спортшыны заңсыз мигрант деп ойлап қалған ел полициясы оны депортациялай жаздаған көрінеді.
newstaraz.kz