Өмірлік ұстаным:мұрын боғыңды сүрт те, өзіңе-өзің көмектес.
Адамды үш нәрсе бақытты етеді: Махаббат, жақсы көретін жұмысың және саяхаттауға мүмкіндігіңнің болуы.
Алла тағалам саған не керек екенін бермесе, онда ол саған кейінірек одан да жақсысын береді.
Өмірде әр адамға ең қажеттісі-отбасы. Алғашында өскен отбасың, кейіннен өзің көтерген отбасың.
Егер сен өзіңді-өзің басқара алмасаң, сені өзгелер басқаратын болады. Егер жақын адамың саған жалған айтса, оған әрине, жаның өлмейді. Ал ғасырлардан келе жатқан сұрақ : егер ол жалған сөйлесе, ол жақын адам ба?
Кешірім сұрау деген-басқанікі дұрыс, сіздікі дұрыс емес деген сөз емес. Бұл жай ғана өзімшілдігіңізге қарағанда, сіздердің ара-қатынастарыңыздың бағалы екені маңыздырақтығында.
Кеңпейілділік (ақкөңілділік) деген не?
-Түсінемісің, тек қана теңге ғана сыятын әмиян сияқты көңіл кішкентай болады. Аспан, жер, адамдар, жануарлар сыятын көңілдер болады. Кеңпейілділік (ақкөңілділік) деген осы болады.
Құрметті ақшалар! Менің әмиянымдағы мекен-жайға тұрғылықты тұруға шақырамын. Ол өте кең және жайлы-сіздерге міндетті түрде ұнайды! Бәріңізге орнын жетеді, Европа мен Америкадағы аға -сіңлілеріңізді шақырсаңыздар болады! (қалжың)
Адамның сізге қандай да бір нәрсе істегеніне ойланбай-ақ қойыңыз. Өкпелегендер өкпелетуге тырысатынын, бақыттылар бақытты ететіні туралы қарпайым шындықты түсіну жеткілікті.
Кіммен қажет болса, тағдыр оны қайта қосады.
Бір данышпаннан: Достықтың қанша түрі болады? деп сұрапты. «Төрт түрі болады»- деп жауап беріпті. 1.Тамақ сияқты күнде қажет достар бар. 2.Ауырған кезде іздейтін дәрі сияқты достар бар. 3.Ауру сияқты өздері іздейтін достар бар. 4. Көрінбейтін ауа сияқты, бірақ, әркез сенімен бірге болатын достар бар.
Құлау деген-сәтсіздік (жолы болмаушылық) емес, сол жолы болмаған жерде өмір сүруге қалған үмітсіздік.
Мінсіз ара-қатынас болмайды. Ерлердің ақымақтығын елемейтін әйелдердің даналығы бар.Әйелдердің әлсіздігін кешіретін ер азаматтардың күші бар.
Ақылды адам өз қателіктерін әрқашан түзете алады, ал ақымақтыр оны мойындауға да күші жетпейді.
Мүмкін болмайтын нәрсе орындалса екен! Алыстағы жақындаса екен! Ең қиын деген мәселе жеңіл және әдемі шешілсе екен!
Алла сенің қиыншылықтарыңды шешкен кезде, Оның қабілеттілігіне сенесің, Алла сенің қиыншылықтарыңды шешпеген кезде, Ол сенің қабілеттілігіңе сенеді.
newstaraz.kz