NASA Жерге ұқсайтын 7 ғаламшар табылғанын жариялады
© NASA
NАSА Күн жүйесіне жақын кеңістіктен өлшемі Жер шарына сәйкес келетін 7 жаңа ғаламшар табылғанын жариялады деп жазады ВВС басылымына сілтеме жасап Егемен Қазақстан.
Олар TRAPPIST-1 қызыл жұлдызының орбитасынан табылған және 7 ғаламшардың үшеуі өмір сүру үшін қолайлы болуы мүмкін. Ғалымдардың болжауынша, онда судың сұйық күйінде сақталуына мүмкіндік бар. Жер шарынан ғаламшарлардың ұзақтығын салыстырып көрсету үшін ғалымдар оларға ұшақпен ұшып бару үшін 49 млн жыл уақыт кетеді деп отыр.
«Ғаламшарлардың барлығы бір-біріне және Айға ұқсайтын Юпитерге жақын орналасқан», — дейді астроном Мишель Гийон. Оның айтуынша, бұл экзопланеталар «Спитцер» атты телескоп арқылы табылған.
ВВС-дің ғылым саласы бойынша шолушысы Дэвид Шукманның айтуынша, NАSА осы күнге дейін 3449 ғаламшар анықтаған. Сарапшы НАСА-ның жаңалығы әлі басы ғана екенін айтып отыр. Себебі, енді ғалымдар онда кислород пен метан секілді газдардың бар-жоғын анықтауы керек.
Ал НАСА-ның ғылыми миссиялар бөлімі басшысының орынбасары Томас Цурбюхен Вашингтондағы баспасөз конференциясында екінші Жер табылады ма деп емес, ол қашан табылады деген сұраққа баса назар аудару керек деп отыр.
newstaraz.kz