Назарбаев: Бұл жұмыс өзіме ұнағандықтан төзіп жүрмін
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: © Sputnik / Болат Шайхинов
14 қыркүйек күні Астанада журналистермен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев «мықты денсаулық, күш-қуат, психологиялық және эмоционалдық қажыр-қайратты талап ететін» жұмысы өзіне ұнайтынын айтты.
Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
«Бұл жұмысқа өзіме ұнағандықтан төзіп жүрмін… Мен ертеңгі күнді жоспарлап, сол бойынша өткізуге, кешке соған сүйінуге үйренгенмін. Сіздер де солай істеңіздер», — деді Назарбаев журналистерге.
Айта кетер болсақ, 77 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев — бұрынғы советтік республикалар арасында мемлекетті СССР кезінен бері басқарып келе жатқан жалғыз президент.
newstaraz.kz