Назарбаев: Біз үшін толқитын сәт келіп жетті
Назарбаев «Астана ЭКСПО-2017» кешенінде. Фото akorda.kz
Ақордада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысты жиынға Нұрсұлтан Назарбаев қатысты деп хабарлайды NUR.KZ.
Жиынға президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, президент көмекшісі Владимир Жұмақанов, бас прокурор Жақып Асанов, мемлекеттік күзет қызметінің директоры Амантай Күренбеков, Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, «Сырбар» Ішкі барлау қызметінің директоры Ғабит Байжанов, Астана әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш қатысты.
Жиын барысында «ЭКСПО» көрмесін өткізу мәселелері талқыланды.
«Біз нағыз толқитын сәтке — көрменің ашылуына келіп жеттік. Қазақстан астанасына көптеген қонақ ағылады деп күтілуде. Бүгінде «ЭКСПО-2017″ көрмесін тамашалауға 1,2 миллионнан астам билет сатылып үлгерді — бұл күткеннен де көп», — дейді президент.
Президент көрме кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтатамасыз ету алғашқы орында екеніне баса назар аударды. Жиын соңында Назарбаев бірқатар тапсырамалар берді.
newstaraz.kz