Новости на Newstaraz.

Назарбаев латын әліпбиінің тағы бір жаңа нұсқасын бекітті

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің кезекті рет жаңа нұсқасын бекітті. Ақорда баспасөз қызметінің 20 ақпан күні хабарлауынша, Назарбаев 19 ақпанда 2017 жылдың 26 қазанында шығарған «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына өзгеріс енгізу туралы қаулы қабылдаған.

Ол қаулыда бұған дейін бекітілген латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне аздаған өзгеріс енгізілген. Бұған дейінгі нұсқа бойынша, қазақ тіліне тән кейбір дыбыстар және тағы бірнеше әріп апастрофпен (дәйекше) белгіленген еді. Соңғы бекіген нұсқадағы әліпбиде кейбір әріптер диакритикалық таңбамен белгіленген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтыр жыл басында жасаған мәлімдемесінде «2017 жылдың соңына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеу, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің» нақты кестесін жасауды тапсырған еді.

Былтыр қыркүйек айында Қазақстан парламентінде латын әліпбиінің диграфты (қосарланған әріптер — ред.) нұсқасы таныстырылып, ол жаппай сынға ұшыраған еді.

Билік одан бас тартып, бір айдан соң әліпбидің басқа нұсқасы бекітілген. 2017 жылы қазанның 27-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген әліпбиде қазақ тіліне тән кей дыбыстарды апостроф (дәйекше) арқылы белгілеу ұсынылған.

Апострофты латын әліпбиі қоғамда қызу талқыланып, әрқилы реакция туғызған. Кейбір тіл мамандары жаңа әліпбиді асығыс қабылданды деген де пікір білдірген.

centralasian.org

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »