Өнер үшін от кешуге дайын екенін айтқан қазақ әншісі эротикалық мәндегі клип түсірді
Кадр «Хит ТВ» арнасынан алынды
«Бейнебаян енді кішкене эротикалық мәнде болады. Жанкүйерлер жақсы қабылдайды деп сенемін. Клипте өзіміздің сезімімізге шектеу қойған жоқпыз. Бірақ нақты қандай болатынын айта алмаймын. Өнер от кешуге дайынмын. Қорықпаймын, уайымдамаймын. Шоу бизнестің аты шоу бизнес, сондықтан адамдарға ұнайтын дүние жасау керек. Бұл шетелге еліктеу емес», — дейді ол.
«Мұнда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Себебі егер мен түсірмесем де, жастар мұндай нәрсені іздеп жүріп тауып алады.
Мұндай рөлді сомдап шығу мен ойлағаннан да қиын болып шықты. Басты рөлдегі қызға да оңай болған жоқ. Қазақстанда мұндайды көп адам түсіне бермейді», — деген ол өзінің «Жаңбырлы түн» деп аталатын әнін түсірілген клипі елдің көңілінен шығады дегенге сенімді.
newstaraz.kz