Новости на Newstaraz.

Несиеге белшесінен батқан қызылордалық бойжеткен әкесіндей адамның қолына кіріп алған (фото)

newstaraz.kz

Несиеге белшесінен батқан алматылық келіншек елден көмек сұрап, NUR.KZ редакциясына хабарласты. Бүкіл жалақысын несие төлеуге кететін ол өзінен біршама жас үлкен ер адаммен көңіл жарастыруға мәжбүр болғанын айтады.

Айнұрдың айтуынша, ол Алматыға арман қуып, білім алу үшін келген. Осылайша Алматыдағы педагогикалық университетті тәмамдаған ол мемлекеттік мекемеге мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, осында қалған.

Мамандығым бойынша білім беру мекемелерінің бірінде жұмыс істеп жатырмын. Қазір 27-демін. Оқу бітіре сала, тынбай жұмыс істедім. Алайда тапқан табысым жетпейді еш. Мемлекеттік мекеме жұмыс істеймін. Айына 60 мың жалақы аламын. Бұдан үш жыл бұрын бүйрегім қатты ауырып, 300 мың теңге несие алған болатынмын. Денсаулығым жоқ, дәріні іше-іше үстіме аллергия шыға бастады. Енді оның бәріне ақша керек. Ата-анам болса, Қызылорда облысында тұрады ауылда. Ауылға қайтқанмен маған ол жақтан жұмыс табылмайтынын білемін. Барып, іздеп көргенмін, бірақ таппадым», — деп ашынған қыз не істерін білмей күйзеліске түскенін айтты.

Айнұрдың айтуынша, ол қазіргі жұмысынан шығып кете алмайды. Алайда бір несиенің үстіне екінші, одан үшінші несиені жамап алған оның жалақысы түбегейлі банктерге кетеді екен.

Не істерімді білмей, пәтерақыны төлей алмай далада қалған күндерім болды. Бір күні жасы елуге келген ер кісіні жолықтырдым. Ажырасқанын айтты. Алматыда үйі бар екен. Шынымды айтсам, әкемдей адаммен көңіл жарастырамын деп ойлаған жоқ едім. Бірақ баратын жер, басар тауым болмады. Соның үйіне барып тұрдым. Бірақ мені ол үйде тағы да киындықтар күтіп тұр екен. Ол мені үйінде тұрғызғаны үшін еш жұмыс істемей, бүкіл азық-түлікті мойныма іліп қойды. Онысы аздай ұрып-соғатынды шығарды. Мен қазір күйзелісте жүрген адаммын. Қалтамда несиеден он мың теңгем қалса, қуанар едім. Бірақ банктер тікелей жұмыс карточкамнан ұстап қалып отырады», — дейді ол.

Осылайша, бар-мұңын елге жайып салуға бекінген қыз қайда барарымды да білмеймін. Өзінің аты-жөнін айтуға қатты қысылған ол жеке өмірінде де жақсылық боларына сенбейтінін айтады.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »