Новости на Newstaraz.

Оқу-ағарту министрі: 2023 жылдан бастап мектептер бес күндік оқу форматына көшеді

newstaraz.kz

Оқу-ағарту министрі: 2023 жылдан бастап мектептер бес күндік оқу форматына көшеді

2023 жылдан бастап үш ауысымды мектептерден басқа мектептің барлығы бес күндік оқу форматына көшеді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінен Информбюро сайты үзінді келтіреді.

«Келесі жылдан бастап үш ауысымды мектептерден басқа мектептің бәрін бес күндік оқу форматына көшіру туралы шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, ұстаздарға, мектептің барлық қызметкерлеріне қатысты. Біздің ойымызша, сенбі күні ұстаздар демалуы керек, балаларымен бірге болуы керек. «Бұл еңбек демалысының ақысына әсер ете ме?» деген сауал туындауы заңды. Бұл еңбек демалысының ақысына әсер етпейтін болады», – деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, бұл өзгеріс еңбек демалысының ұзақтығына да әсер етпейді. Еңбек демалысы бұрынғыша 56 күн болып қалады.

Министр сөз арасында мектеп директорларын мұғалімдерді сенбі күні жұмысқа шақырмауын ескерткен.

«Сондай-ақ директорларға да өтінішіміз бар. Біз тиісті бұйрықты қабылдадық. Кей әріптестеріміз сенбі күнін әдістемелік күн ретінде өткізуге немесе педагогтарымызды жұмысқа шақыруға талпынып жүр. Бұл тәжірибені тоқтату керек. Барлық педагог, мектеп бес күн жұмыс істеуі керек. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен білім бөлімдері секілді», – деді министр.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 3,5 млн оқушы бар. Орта білім беретін 7,5 мың мектеп бар. Онда 369 мың мұғалім істейді. Бірнеше жыл бұрынғы статистикада елде үш ауысымда оқитын 127 мектеп бары айтылған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »