Қоғамдық орында спортпен шұғылданған кейуана елді өзіне қаратты (ВИДЕО)
Қоғамдық орында алаңсыз спортпен шұғылданған әже бұл әрекетімен өзгелерге үлгі болды, деп хабарлайды NewTimes.kzақпараттық агенттігі.
Желіде тараған видеода кейуананың демалыс орындарына орнатылған спорттық тренажер құрылғыларымен еш қиналмастан жаттығу жасап тұрған сәтін байқауға болады. Мұны көрген желідегілер ақ жаулықты ананың әрекетін жастарға үлгі деп санап, тіпті таңданыстарын жасырмады. «Күш-қуат берсін. Осындай апаларымыз көп болса, балаларымыздың дені сау болады», «Спорт — жас талғамайды», «Денсаулыққа керек болған соң тұр ғой бұл кісі», «Кейде қарияларымызды олардың күйін кешпеген соң түсінбей жатамыз. Буындары, бәлкім аяғы ауыратын шығар. Сондықтан тұрған болар. Жаның ауырса, ұятты ұмытасың ғой. Мұндайға күлуге болмайды деп жазған қолданушылары спортпен шұғылданған әжейге ұзақ ғұмыр тілеп, пікірлерін жаудырды.