Оңтүстік Кореяда Алтынсариннің суреті бейнеленген кілемшені аяқ астына төсеп қойған (фото)
Корея дүкеніндегі кілемше. Фото: qamshy.kz
«Мен Сеулде оқимын. Жақында көңілімді түсірген көріністің куәсі бодым. Bukchon village-де әшекей бұйымдарын сататын кішігірім дүкеннің кіреберісінен Ыбырай Алтынсарин бейнеленген төсеніш төселген. Бұл мені есеңгіретіп жіберді. Біріншіден, адам бейнесі бейнеленген кілемшені төсеніш етіп, таптаудың өзі адамгершілікке жатпайды деп есептеймін. Екіншіден, қазақтың алғашқы педагогының бейнесін көріп, не істерімді білмей абдырап қалдым«, — деп жазды пост авторы.
Қазақстандық студент кілемшені кіреберістен алғызуға барынша тырысқанын жазған.
«Сатушылардан кілемшедегі бейненің кім екенін сұрағанымда «Білмейміз. Қытайлық біреу шығар…«, деп жауап берді. Олардың біріне жағдайды түсіндіре бастап едім, келушілердің көп екенін айтып, мазаламауымды өтінді. Екінші сатушыға бардым, ол менің сөздеріме құлақ асты.
Менің сөздерімнің растығына, Алтынсаринның үлкен тұлға екеніне көз жеткізу үшін сатушы Алтынсариннің суреттерін интернеттен көрсетуді сұрады. Мән-жайға көз жеткізген соң менен кешірім сұрап, кілемшені алып тастауға уәде берді. Өкінішке орай, сатушы кілемшені менің көзімше алған жоқ, дүкенде халық қарасы көп еді. Кейінірек дүкенге тағы да барамын«, — деп сөзін түйіндеді студент.
newstaraz.kz