Оқушының үкіметке қояр жұмбағы: Екі жылда бір боталайтын түйеге несие неге бір жылға беріледі?
Түйе жүнінен жасалған көрпенің де артықшылықтарын жеткізген оқушы, өкінішке қарай, бүгінде жүн өңдеу жұмыстарының да ақсаңдап тұрғанын ашық айтты.
Ойыл ауданының тұрғындары баспаналарын кепілге қойып, 3 млн теңгеге несие рәсімдеп, түйе малын алған. Алайда, жануардың екі жылда бір боталайтынын алға тартқан олар банк тарапынан да несиені кемі екі жылдан кейін қайтару талап етілсе деген ұсыныс білдіріпті. Бұл туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа Ойыл қазақ орта мектебінің 7 сынып оқушысы Олжас Жәрдемов айтып берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Мектеп оқушысы үкіметке «Сыбаға», «Алтын сақа», «Құлан» секілді түйе малына қатысты да «Боз інген» бағдарламасын қабылдаса деген өтініш айтады.
Оқушының пайымынша, түйе сүтінің сиырдыкіне қарағанда бактерицидтік қасиеті де жоғары екен.
Түйе жүнінен жасалған көрпенің де артықшылықтарын жеткізген оқушы, өкінішке қарай, бүгінде жүн өңдеу жұмыстарының да ақсаңдап тұрғанын ашық айтты. Мәселен, кәдеге жарата алмаған көршілес облыстарда түйе жүнін өртеп жібереді екен.