Оқушысына төсін ұстатқан мұғалімнің басы бәлеге қалды
Техас штатында Сара Д’Спейн есімді мұғалім оқушыға төсін ұстатып, онымен сүйіскені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өз кінәсін мойындаған ұстазды жұмысынан қуды. Алайда мұғалім бастапқыда оқушыға төсін ұстату мүлде ойында болмағанын, бәрі кездейсоқ болғанын алға тартып, ақталмақ болған.
Әйелдің қылмысын екі күннен кейін өзге мектеп оқушысы әшкере еткен. Ол мектеп әкімшілігіне 38 жастағы ұстазының төсін жалаңаштаған күйі тұрған фотосын көрсетеді.
Сара фотоны бұрынғы мектеп оқушысына арнап түсіргенін алға тартқандықтан, оны бұл үшін жауапқа тарту мүмкін болмаған. Бүгінде Сараны үйқамаққа босатты. Ол сотта өз жазасын алатын болады.
newstaraz.kz