Қоқыс ақтарып жүрген қыз фотографқа $120 000 сыйлап, жұлдыз болды
Қоқыс ақтарып жүрген қыз. Фото: qamshy.kz
Дубай қаласында жыл сайын өтетін HIPA халықаралық фотосайысының бас жүлдесін алған фотограф — қоқыс ақтарып жүрген қыз бейнеленген суреттің авторы деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ішерге ас таппай, қоқыс аралаған бұл қыз өзінің америкалық фотографты атақ-даңққа бөлеп, $120 000 долларға қол жеткізуіне себепкер болғанын да білмейтін шығар.
Сайыстың бас жүлдесін америкалық Арашу Ягмайенге БАӘ-нің ханзадасы Хамад ибн Мохамед әл-Мақтум табыстады.
Шынында да ерекше шыққан бұл суреттің авторы қоқыс арасында жүріп мұндай сурет түсіремін деп ойламаған.
newstaraz.kz