Олжас Сүлейменов: Ұлтты мойындаудан барлық ел зардап шегіп жатыр
Қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Шымкентке келіп, журналистерге сұхбат берді. деп жазады.
Өз сөзінде шырайлы қалаға соңғы рет екі жыл бұрын келгенін айтап өткен белгілі ақын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы соңғы жылдары көркейіп, ерекше өзгергенін жеткізді.
Өз сөзін «Біз барлығымыз қазақстандықтармыз. Осыны естен шығармау керек» деп бастаған қоғам қайраткері Шымкентке келген сапары барысында өңірдің фармацевтикалық саласымен танысқан.
«Фармзауытта болдым. Негізі мені осы бір проблема қызықтырады. Ресеймен қатар Қазақстанды да тұрғындарды жергілікті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жайты мазалайды», — деді Сүлейменов.
Бұдан өзге танымал саяси тұлға біздің күш – ұлттардың бірлігінде екенін жасырмады.
«Кез келген көпұлтты мемлекет билікті орталықтандырудың арқасында аман қалады. Ұлттардың өзін-өзі айқындау құқын мойындағанымызбен, оның ыдыратушы құқық екені көрініп отыр. Бұдан қазіргі таңда барлық мемлекет зардап шегіп жатыр», — деді ақын.
(Любое многонациональное государство устоит долго, благодаря централизации власти, да. Хотя мы признаём право нации на самоопределение, но это разрушающее, как оказалось, право. От этого сейчас все государства страдают)