Оралда алаңға жиналған тұрғындарға басшылар ұсыныстарын «жоғарыға» жеткізуге уәде берді (фото)
Оралда Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы митинг болды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігінің тілшісі.
Кейін митингке шыққандармен кездесуге БҚО әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов пен Орал әкімінің орынбасары Марс Сатыбалдиев келді.
Өтеғұлов барлық наразылықтары мен ұсыныстарын жазбаша түрде берулерін өтініп, азаматтарға «оның барлығын міндетті түрде жоғарыға жеткіземіз» деп уәде берді.
Алаңда митингтегі қауіпсіздікті қадағалау үшін құқыққорғау органдары да болды, қарсылық акциясының ешқандай мүшесі қамауға алынған жоқ.
Сол күні Оралда облыстық мәслихатта Жер кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша отырыс өтті.
«Уральская неделя» газеті хабарлағандай, митингке қатысушылар алаңға таңғы сағат 10-нан бастап жинала бастаған, барлығы 200-дей адам.
Еске салсақ, 24 сәуірден бері Атырауда, Ақтауда, Жаңаөзенде, Ақтөбеде, Семейде, Қызылордада «жер сатуға қарсы» рұқсат етілмеген митингілер өтті. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер мәселесін «арандатушылар» көтеріп отыр деп мәлім етті.