Оралда бейтаныс адам төрт жастағы баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды
Күдікті бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болған.
Оралда «бала ұрлады» деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады қалалық полиция бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов. Бұл туралы Today.kz «Интерфакс-Қазақстан»-ға сілтеме жасап жазады.
Оның сөзінше, оқиға орнына жақын маңдағы патрульдер жетіп, ер адамды құрықтаған. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау абақтысында отыр.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау » бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.