Орталық Азияда азық-түлік бағасы бірден қымбаттады (видео)
Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда азық-түлік бірден қымбаттады. Әдетте жаз мезгілінде арзандауы тиіс көкөніс пен жеміс-жидектар бағасы да қымбат болып тұр.
Қырғызстанда соңғы жарты жыл ішінде өсімдік майы екі есе қымбаттады. Ет пен жұмыртқа бағасы да өсті. Тұрғындар үшін шок болған — сәбіз бағасы төрт есеге бір-ақ көтерілді.
Билік пандемия мен құрғақшылық салдарынан тек Қырғызстан емес Орталық Азия зардап шегіп отыр дейді.
Елдегі сарапшылар баға бұдан да өсуі мүмкін деп ескертеді. Мал жемі екі есеге қымбаттаған. Сол себептен ет және сүт өнімдері тағы қымбаттауы мүмкін дейді.
Алматының мал базарында қозы 40 мың теңге болса, қой 50 мыңнан 80 мың теңге арасында сатылып жатыр. Былтырғыға қарағанда бұл өте қымбат баға дейді базар әкімшілігінің өкілі Мәлік Әкімханұлы.
Еттің бір келісі жеті доллар көлемінде. Былтырғыға қарағанда екі долларға қымбат.
Қазақстан тұрғындарын бәрінен бұрын көкөніс бағасы қымбаттағаны алаңдатып отыр. Сәбіз екі есеге өскен. Кейбір аймақтарда сәбіздің бір келісі 2 доллар көлемінде.
Тәжікстанда да сәбіз, картоп, өсімдік майы, жұмыртқа және қант бағасы өскен.
Тәжікстанның президент жанындағы статистика агенттігінің мәліметінше, азық-түлік бағасы былтырғымен салыстырғанда 42 пайызға өскен.
newstaraz.kz