Новости на Newstaraz.

Орысша сөйлеген қазақ қызы Бауыржан Байбектен сөз естіп қалды

newstaraz.kz

Бауыржан Байбек. Фото: nur.kz

Биыл ғана елімізде өткен қысқы Универсиада кезінде билеттер бойынша ойнатылған лотореядан пәтер ұтып алған Алматы тұрғынына қала әкімі Бауыржан Байбек қазақша сөйлемегені үшін ескерту жасады деп хабарлайды «Қазақ үні» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Пәтер кілтін табыстау үшін ұйымдастырылған арнайы шара барысында баспаналы болған Жұлдыз есімді бойжеткен өз қуанышын орыс тілінде жеткізген болатын. Сол сәтте Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Жұлдыздан қазақ тілінде сұрады:

– Алматыда тұрасың ба?

– Иә, тәтеммен бірге тұрамын.

– Қай жақтан келдің?

– Қызылордадан келгенмін екі жыл бұрын.

Алматының әкімі қазақша сөйлеп тұрғасын, 99 пайыз қазақ тұратын Қызылордадан келген Жұлдыз ұялып қалған секілді, тілі бұл жолы қазақша шықты…

– Қайда істейсің?

– Банкте.

– Пәтерің құтты болсын! Бірақ қазақ тілінде сөйлеу керек. Барлық кезде қазақ тілінде сөйлеп үйреніңдер. 

Қысылып қалған Жұлдыз «жарайды» деп келісімін берді.

Алаңға жиналған елдің бәрі Бауыржан Байбекке қатты риза болып, қуана қол соққан.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »