Қостанай облысының тұрғыны қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірді
Көрнекі сурет. Фото: baq.kz
Қостанай облысында қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты.
Бұл туралы Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Оқиға Қарасу ауданында осы жылдың маусым айында болған. Ішімдікті шамадан тыс қолданған азамат телефон арқылы әйелін шақырып алып, оны көзіме шөп салдың деп жазықсыз кінәлаған.
Кейін қалтасында жүрген пышағымен әйелін қорқыта бастайды. Әйелі өз өмірі үшін қолынан келгенше күреседі. Әйткенмен, күш бермеген ер адам келіншегін бірнеше жерден пышақтап тастаған.
Оқиға орнында жан тапсырған әйелдің 9 жерден пышақталғаны белгілі болды. Сот қандықол қылмыскерді 9 жылға соттады. Қылмыскер жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
newstaraz.kz