Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы рұқсатсыз алып кеткені үшін кешірім сұрады
Фото alau.kz
Қостанай полицейлері ата-анасының рұқсатынсыз баласын қызметтік көлікке отырғызып, алып кеткені үшін әкесі мен анасынан кешірім сұрады деп хабарлайды Alau.kz сайтына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.
Бұдан бұрын хабарланғандай, он жасар Глеб Иголкин тонаушылықтың жалғыз куәгері болған. Полицейлер оны көлікке отырғызып алып, баладан түсініктеме сұрайды. Баланың анасы өз рұқсатынсыз ұлының көлікте отырғанын көріп, наразылық білдірген.
Содан кейін тәртіп сақшылары баланың отбасына барып, кешірім сұрады. Қылмысты ашуға көмектескені үшін Глебке алғыс хат пен доп, ал анасына гүл сыйлаған.
newstaraz.kz