«ОТАНДЫҚ КӨЛІКТЕР САПАСЫЗ»: КАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАШАНҒА ДЕЙІН КӨЛІКТІ ШЕТЕЛДЕН ТАСИДЫ?
Еліміздегі импорттық көліктердің үлесі нарықта 40 пайызға жетті. Бұл отандық автомобиль өндірісі үшін жақсылықтың нышаны емес. Себебі өзімізде құрастырылатын темір тұлпарғаларға сұраныс төмендеп кеткен. Көпшілік берісі Ресей, арысы Армениядан тасып жатыр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Отандық автомобиль өндірісі қауымдастығы болса 5 жыл бұрынғы көрсеткішке жетсек дейді. Ол кезде ішкі нарықтың денін елде құрастырылған көліктерді жеңілдетілген несие арқылы қамту мүмкін болған. Ал қазіргі ахуал басқаша.Сондықтан шетелдік компанияларды зауыт салуға тарту, салық мәселесін қайта қарау тетіктерін қарастырмақ екен. Алайда жалпақ жұртты алаңдататын әсте ол емес. 7-8 млнға төменгі классты көлікті алуға ешкім құлықсыз. Сол ақшаға ескі де болса, сапасы анағұрлым жоғары көліктерді қалайды. Бұл мәселенің ендігі шешімі қалай болмақ? Армениядан қашанғы көлік тасимыз, елге кіріп қойғандыры қайтпек? Сюжет қарайық. Біздің қазақ осыған неге құмар? ДӘУЛЕН ӘБДРАХМАНОВ АВТОКӨЛІК ИЕСІ: «Бізде ондай мәшинелер аз, өте қымбат. Ол жақтың мәшинелері таза Япониядан әкелінген машиналар. Жағдайлары өте жақсы. Армениядан көлік әкелгенімді несіне жасырайын дейді бұл жігіт. Айтуынша отандық өндірушілер ұсынған көліктер сапасыз, қайта сол ақшаға жақсысын алғаны ғанибет екен. Бұл сөз мыңдаған Қазақстандықтың пікірі екені және рас».
ДӘУЛЕН ӘБДРАХМАНОВ АВТОКӨЛІК ИЕСІ: «минивендар 6 мың доллардан бастап 10-11 долларға шейін. Жақсы, өте жақсы, качественный, свежие мәшинелер сол бағада. Мұны жарнама деп қабылдамаңыз, ақиқаты осы. Бұл Кеден одағы елдері заңдарындағы сәйкессіздік пен, саңылаулар. Жұрт мүмкіндікті пайдаланып қалмағанда қайтсін».
ЕРБОЛ СЕЙПІЛОВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: «Біздің азаматтар заңға қарама қайшы кіргізіп отыр. Соны айту керек біріншіден. осы көліктерді негізі олар априори әкелмеуі керек болған. Үйткені бұл заңға қайшы».
Отандық автоөндірушілердің базынасы әлбетте орынды. Кез-келген мемлекет әуелі өзінің ішкі нарығы мен өндірісін қорғауға мүдделі. Тек, жұрттың сұрағанын бере алса ғой.
ОЛЖАС ОҚАС, ЖУРНАЛИСТ, БЛОГЕР: «Халық шетелден сәл ескірген болса да сапалы жақсы машина мінгісі келеді. Ондайлар бар. Тіпті мына көршілес Қырғызстанның өзінде оларда мына қазір льготалы кезең ғой бірінші қаңтарға дейін. Соның өзінде олар жақсы машиналарды кіргізіп үлгерді».
РАСУЛ ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ: «Кедендік одақта сол Ресейдің атқанымен жүріп, біз шетелдің көліктерінің барлығына кеден баждарын көтеріп жібердік те, олар қол жетімсіз болмай қалды. Нәтижесінде біздің азаматтар иә шетелдік ескі мәшинелерді алуға мәжбүр басым көпшілігі қалтасы көтермейтін, иә сол ресейдің бәсекеге қабілетті емес темір терсегін лада сияқты, нива сияқты сатып алуға мәжбүр».
Ал еліміздің ішкі істер министрлігі көктемде сырттан әкелініп жатқан көліктерді уақытша тіркеуге қою мәселесін көтерген еді. Себебі олар еш тіркеуде жоқ. Заңдағы шикіліктер оны кіргізуге мүмкіндік беріп отыр.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ: «Қазақстанға кіргеннен кейін сәйкесінше сіз Қазақстанның азаматы болып есептелесіз. Арменияның нөмірімен айдап жүрсіз оны иә дұрыс па? Ешқандай кедендік тазалау өткен жоқсыз. Ешқандай мемлекеттік баж төлеген жоқсыз. Ешқандай жаңағы салықтың разницасын төлеген жоқсыз, жаңағы утилизационный сборды. Яғни сіз шетелдің автокөлігін басқарып жүрсіз».
Ал бұл олардың қимыл қозғалысын бақылауға кедергі. Яғни шетелдік көлік, біздің құқықтық кеңістіктен сырт қалуда. Тиісінше келеңсіздіктер де көп дейді. Мәселен.
Шетелдік нөмірлі көліктердің қатысуымен мыңға жуық апат тіркелген. 58 адам қаза болып үш жүзден астамы жараланыпты. 73 мың рет жол ережесі бұзылған. 817 млн тг айыппұл салыныпты. Оның 765 млны әлі төленбеген. Міне, ішкі істер органдарының шымбайына батып отырғаны осы мәселе. Тіркеудің болмауы себебінен олардың нақты есебін де жүргізу қиын.
ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Қылмыстық орта үшін заңдағы осы бір саңылау таптырмас мүмкіндік болуы мүмкін. Себебі Армениядан көлік әкел де, заңға қайшы тірлік жасап, сосын көлікті лақтыра сал. Ал тауып көр. Таба алмайды. Неге, үйткені біз шекарада тіркеу жасамаймыз. Міне мәселе қайда жатыр. Ал отандық автоөндірушілерді басқа мәселе алаңдатады. Дәл қазір ана көңілі балада, бала көңілі далада қағидасы орнап тұр. Елдегі көлік құрастырушылар жұртты қайтсе отандық автомобильмен қамтимыз деп бас қатырса, жұртыңның назары арменияда».
ДӘУЛЕН ӘБДРАХМАНОВ АВТОКӨЛІК ИЕСІ: «Арменияда күніне 300-350 мәшіне оформлять етеді. Соның 70-60 проценті қазақтар болады».
Отандастарымыз неліктен отандық көлікке қайырылмайды? Себебі баға қымбат. Кедендік алым, утилизациялық шығын. Бұл біздің, біздің ау деймін, Еуразиялық экономикалық одақтың ноу хауы. Яғни өз ішкі нарығын сыртқы импорттан қорғау үшін енгізілген салық. Алайда оны ешкім төлегісі келмейді.
Қозғалтқыш көлемі 1-2 литрге дейінгі көлік үшін 794150 тг төлеуіңіз керек. 2ден 3ке дейінгі көлемгі 1 млн 134 мың 500 ал 3 литрден жоғары көлем үшін 2 млн 609 мың 350 тг төлеу міндет.
ДӘУЛЕН ӘБДРАХМАНОВ АВТОКӨЛІК ИЕСІ:
«Бізге утилизационный сборды бәрін кішкене төмен бағада қылдырып істейтін болса, мысалы қай қазақ 4 мың километрға барғысы келеді. Басқа бөтен елге. Жол жүріп, қаншама расход жасап. Растаможканы, утилизационный сборды бізге қол жетімді қылып берсе біз сол ақшаны өзіміздің қазақстанға әкеп төлегеніміз артық еді. Мысалы қаншама адам барады, сол машинаға каждый қазақ 7-8 мың доллар тастап кетеді. / Растаможканы арзан қылдырса жақсы болар еді. Өзіміздің государствоға қаншама ақша кіргізетін едік. Қанша ақша кіргізуге болады. Нақты сандармен емес, қазақша жобалап есептей салғанның өзінде шамамен былай». Қарапайым арифметика. Бір көліктің құнын орташа 7 мың доллар деп алсақ, Армениядан, Ресейден, Грузиядан, Қырғызстаннан кірген көліктердің жалпы саны 100 мың десек. 100 мыңды 7000-ға көбейтсек = 700 млн доллар. Біздің ақшаға шақсақ шамамен 270 млрд тг. Яғни осыншама қаражат елде қалмай, қыр асып кетіп отыр. Бұл ақшаны отандық өндірісті қолдауға, немесе несиені субсидиялауға бағыттауға болмас па деген ой туындайды. Отандық көлік құрастырушылар болса, төл өнімді көбейтпей мәселе шешілмейді дейді.
ЕРБОЛ СЕЙПІЛОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОБИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: «Отандық көліктердің локализациясын жоғарылату. Локализация жоғарылаған сайын, көліктердің бағасы түседі. Енді қызықты қараңыз. Саясаттанушы Расул Жұмалы біздегі құрастырушыларды тіпті отандық авто өндіріс деп санауға болмайды дейді. Айтуынша ондағы 20 пайыз деп жүрген біздің үлес бос сөз дейді».
РАСУЛ ЖҰМАЛЫ САЯСАТТАНУШЫ: «Мысалы Өзбекстанда Уздэо, бұлардың 40-45 пайызы Өзбекстанда жасалған. Ал біздегі автопром, Азия авто, басқасы болсын, бұл тек қана құрауыштар. Дайын мәшинелерді Лего сияқты алып келіп, құрастырады да өзіміздің өнім деп шығарады. Яғни бізде автопром болмаса яғни бұл салада өзіміз қолдайтын біздің автоөндірушілерміз жоқ деген сөз. Олай болса біздің азаматтарымыз неліктен Ресейлік мәшинелерді сатып алуға мәжбүр болуы тиіс?»
Яғни біздің елде мәшине құрастырып жатырмыз деп айқайламай ақ қоя салсақ болмай ма дегенге саяды. Себебі олар халықтың емес, мүдделі топтардың ғана қалтасының қамы деп ұқтық. Ал шетелден әкелініп қойған көліктер қайтпек?
ПАВЕЛ КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Біз қазір ең алдымен тіркеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Тіркеуді жүзеге асырсақ көлік шекарадан кірген бойда ол туралы және иесі туралы мәліметтер барлық тиісті мемлекеттік органдарға жетеді. Бұрын осы мәліметтер базасының біркелкі болмауы тіркеу нормасын енгізуге мүмкіндік бермеді».
Бұл әзірге қазір заң шығарушылар мен мүдделі меморгандар жасап жатқан жұмыс. Алдағы жылдан бастап тіркеуге қойсақ, одан соң біртіндеп барып, жеке атқа аудару, кедендік тазалау, утилизация алымы тағы басқа мәселелер шешіле жатар дейді. Айтпақшы утилизациялық алымды азайту мәселесі де қарастырылып жатыр екен. Ал әзірге, бір жақты шешім болғанға дейін
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛІ: «жедел профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Немесе арнайы профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Сол кезде кеден салық мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Соның барысында анықталып, біздің елімізден шығару шаралары жүргізілетін болады».
newstaraz.kz