Пәктігін жасатып алған қалыңдықты күйеу жігіті тойдан соң қуып шықты
Бойжеткен. Скриншот Қазақстан ұлттық арнасынан
«Бір күнде шықтым, той болды, сол күні қыздық перде болмаған соң, мені үйден қуып шықты«, — дейді кейіпкер.
«Он сегіз жасымда Астанаға медициналық колледжге оқуға түстім, өзім Байқоңыр қаласынан едім. Астаналық группалас жігітпен екі жыл жүрдім. Бірақ ол мені ешқашан отбасымен таныстырған емес. 20 жасымда менің туған күніме тосын сый жасаймын, достарымыз күтіп отыр деді. Барсам ешкім жоқ, екі адамға дастархан дайындап қойған. Сол кезде жақын қатынас болды. Мен оған сендім, қалай болғанын да білмей қалдым«, — дейді ол.
Арада біраз уақыт өткен соң, бойжеткеннің жүріп жүрген жігіті кафеде мас күйінде төбелесіп, кісі өліміне себепші болған.
«Мен оны күтемін деп ойладым. Бірақ уақыт өтті, колледжді бітірдім, дипломымды алдым. Ауруханаларға жұмыс іздеп бардым, көп жер тәжірибең жоқ деп қабылдамады. Жұмыс болмаған соң ойын-сауық орталығына сатушы болып орналастым. Жұмыстағы қыздармен пәтер жалдап тұрдық», — дейді бағдарлама кейіпкері.
Кейін ол бала күтуші болып жұмысқа тұрған.
«Ол жақтың жұмысы ұнады. Топтағы бір баланы алып кетуге үнемі бір жігіт келетін. Мен оны баланың әкесі екен десем, ағасы болып шықты. Сол жігітпен араласып, қыз бен жігіт болып кездесіп жүрдік. Біраз уақыттан соң ол үйленуге ұсыныс білдірді. Өзі оңтүстіктің жігіті болғандықтан, пәктікті тексеретінін білдім. Содан айлығымды алып, жағаламаған есігім қалмады. Әрең дегенде бір дәрігерді тауып, өзара келісіп, тойға дейін операциямды жасаттым. Дәрігер маған оның уақытша екенін ескертпеді, бағасы елу мың теңге болды.
Одан кейін ұзатылдым, бір айдай бәрі жақсы болды. Ол жақта бір ай өткен соң ғана той болды. Жігітіммен бетімді ашқан соң ғана неке түнін өткіздік. Қыз болмай шыққаныма ашуланған ол, сол түні тойдан кейін бүкіл отбасы алдында масқара етіп, үйден қуып шықты. Мен өмірімде жақсы жігіттен айырылып қаламын ба деп қорықтым. Қазір осы қылығым үшін өкінемін. Өткенді қайтара алмаймын»,- дейді өзінің іс-әрекетіне өкінген Сара.
newstaraz.kz