Павлодарлық дәрігерлер мен санавиация бригадасы 2 жасар баланы өлімнен арашалады
Бүгінде санитарлық авиация қызметінің иелігінде төрт көлік, ұшақ пен тікұшақ бар.
Павлодарлық дәрігерлер мен санавиация бригадасы Екібастұз қаласында өлімнің аузында қалған 2 жасар баланы құтқарды, — деп хабарлайды Baq.kz.
Мамандардың айтуынша, кішкентай Эльдар тұмауратып қалған. Алайда, денесінің қызуы көтерілмеген. Кейін баланың жағдайы нашарлап, ұйықтай беріпті. Дәрігерлер баланың демалу жолдарында белгісіз зат тұрып қалуы мүмкін деген шешімге келіп, хирург пен эндоскопистің көмегіне жүгіну керектігін айтқан.
Мекеменің бас дәрігері Канадан Ахметжановтың айтуынша, биылғы жылдың 10 айында облыстық санитарлық авиация қызметі өңірдің тұрғындарына 231 рет барған. Ал ауыр халдегі азаматтарға 130 рет әуе көлігімен ұшып жеткен.