Пхенчханда инфекция жұқтырған 1,2 мың күзетші жұмыстан босатылды
Олимпиада ғимараттарын күзетіп тұрған 41 қызметкер бірдей аурухана түскен болатын
Пхенчханда инфекция жұқтырған 1,2 мың күзетші бір уақытта жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі interfax.ru сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушы комитет Пхенчхандағы Олимпиада ғимараттарын күзетіп тұрған 1,2 мың азаматты жұмыстан босатып, өзге аймақтарға көшірді. Себебі, бұл азаматтардың барлығы инфекция жұқтырған.
Өткен жексенбі күні Олимпиада ғимараттарын күзетіп тұрған 41 қызметкер бірдей аурухана түскен болатын. Оңтүстік Корея БАҚ-тарының хабарлауынша, енді күзетшілерді 900 әскери қызметкер ауыстырады.
newstaraz.kz