Новости на Newstaraz.

Ресей Қазақстанмен шекарасында коронавирусқа байланысты енгізген шектеулерді алып тастайды

newstaraz.kz

Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстанмен шекарасында коронавирусқа байланысты енгізген барлық шектеуді алып тастайды. Бұл жөнінде 24 наурызда Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Штаб өкілдерінің айтуынша, 30 наурыз түнгі сағат 00-ден бастап екі мемлекет азаматтары Ресей-Қазақстан шекарасынан еркін өте алады. Ақпаратқа қарағанда, Ресей Моңғолиямен де шекарасын қайта «ашпақ».

Ресей Қазақстанмен шекарасын 2020 жылы 30 наурызда коронавирусқа байланысты жапқан еді. Осыған дейін тек бірқатар топтар ғана шекараны кесіп өте алған. Қазірге дейін екі ел арасында әуе қатынасы ғана қалпына келген. Ал темір жол қатынасы әлі тоқтап тұр.

9 наурызда Ресей Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения және Иранмен коронавирусқа байланысты әуе қатынасына енгізген шектеулерін алып тастаған еді. Бұл шектеу 2020 жылдың 27 наурызында енгізілген.

Дегенмен кейінгі кезде Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы баяулаған.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »