Ресей 2021 жылы Түркіменстаннан екі есе көп газ тасымалдаған
Биыл Ресей Түркіменстаннан былтырға қарағанда екі есе көп газ тасымалдаған. 24 желтоқсанда Ресейдің Ашғабаттағы елшісі осылай деп мәлімдеді.
Ресей 2021 жылы Түркіменстаннан жалпы көлемі 10 млрд текшеметр газ тасымалдаған, бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп, деді елші Александр Блохин.
Түркіменстан мен Орталық Азияның өзге елдерінен тасымалданатын салыстырмалы түрде арзан газ Ресейге Еуропаға көгілдір отын экспортын арттыруға мүмкіндік береді.
Биыл газ тасымал көлемі 2016 жылға дейінгі деңгейге жеткен. Одан кейін Ресей газ құнына байланысты Түркіменстанмен дауласып, ақыры газ импортын тоқтатқан. Импорттың тежелуі шикізат ресурстарына қатты тәуелді Түркіменстан экономикасына едәуір зиян тигізген.
Ресейлік «Газпром» 2019 жылы түркімен жағымен бес жылдық келісім-шартқа қол қойып, Ашғабаттан қайта газ сатып ала бастады.
Ресей бұрын ұзақ уақыт түркімен газының ірі импорттаушысы болған, алайда 2010 жылы оны Қытай тықсырды. Түркіменстан жылына 40 текшеметр газды Қытайға экспорттайды.
Түркіменстан табиғи газ қоры бойынша әлемде төртінші орында тұр, алайда кенже қалған инфрақұрылымға байланысты шикізат экспорты шектелген.
newstaraz.kz