Ресейде үш тәжік мигранты иіс тиіп қайтыс болды
Ресейде жұмыс істеген 23 жастағы тәжік мигранты Шоир Рахимқұлова мен оның төрт жастағы қызы Үмигүлсін Пірхонова, солармен бір пәтерде тұратын тағы бір еңбек мигранты — 27 жастағы Дәлер Мәскеу облысындағы пәтерлердің бірінде иіс тиіп қайтыс болды.
Қайғылы оқиға 13 желтоқсанда түнде болған. Үшеуі де газдан уланған.
Мәскеу облысы прокуратурасының хабарлауынша, тәжік мигранттары бай қытай отбасына тиесілі зәулім үйде жұмыс істеген. Еңбек мигранттары уланатын түні бөлмелердің бірінде газ құбыры жарылып, көгілдір отын бүкіл үйге таралған. Бұл уақытта ұйықтап жатқан мигранттар газдан тұншығып өлген. Сол түні мигранттармен бір үйде болған қытай азаматы Лю Чен аман қалған. Жедел жәрдемді сол шақыртқан. Бұл уақытта үйде қожайындар болмаған, олар үйді қарауды Лю Ченге тапсырып кеткен.
Рахимұлованың туыстары марқұмның сүйегін Ресейден елге жеткізу жолдарын білмей отыр.
«Шоира күйеуімен Тәжікстанда ажырасып кеткен. Қызымен бірге Ресейге жұмыс істеуге барып, сол жерде бай қытайдың үйіне жұмысқа тұрған. Қосымша Тәжік ұлттық университетінде сырттай оқитын. Ол оқу ақысын төлеу үшін ақша тапқысы келген», — дейді марқұмның бір туысы.
newstaraz.kz