Ресей қара теңіз үстінде ұшып жүрген Украинаның ұшағын атқылады
Ан-26 ұшағы. Фото: 24daily.net
Украина қорғаныс министрі Степан Полторактың айтуына қарағанда, ұшаққа Ресейдің Қара теңіз флотындағы қайыққа қарсы шағын кемеден атыс қаруымен атқылаған.
Полторак Ресейдің радиолокациялық станциясының әдетте әуе шабуылынан қорғаныс жүйесінің зымырандарын бағыттау үшін қолданылатын «белсенді режимде» жұмыс істеп тұрғаны байқалған. Ұшақ жерге қонып үлгерген, ұшқыш зардап шекпеген.
Атқылау кезінде ұшақ Ресей 2014 жылы Қырымды аннексиялап алған соң басып алған Одессадағы газ кенішінің үстінен ұшып бара жатқан.
Ресейдің Қара теңіз флотының штабы Украина әскери-әуе күштерінің Ан-26 ұшағын атқылады деген айыбын жоққа шығарды. Штаб өкілінің (аты-жөні айтылмайды) «Интерфакске» хабарлауынша, ұшақ «мұнараға арандату мақсатымен төмендеп ұшып жақын келген», оған «сигналдық тапаншадан төрт рет жарық сигналы жіберілгенін» және ешқандай қауіп төндірілмегенін айтады.
newstaraz.kz