Ресейде сүйегі табылған қазақстандық жауынгердің қалтасынан құран шықты
Фото: muslim.kz
Андрей Фетисовтың мәлімдеуінше, жауынгердің қалтасында құран мен кішкене сауыт (медальон) табылған. Онда анасы Пулумгуз Ахмамбекова екені және оның Сайрам ауданы Молотов колхозында тұратыны көрсетіліпті.
Ал, жауынгердің сүйегі табылған аумақта НКВД -ның 140-шы Сібір атқыштар дивизиясы соғысқаны белгілі болды. Іздестіру тобы зерттей келе, жауынгердің ОҚО Сайрам ауданы Манкент стансасынан майданға 1942 жылы 17 наурызда аттанғанын анықтаған.
Мекен-жайы Манкент стансасы Қарабұлақ пошта бөлімшесі Молотов колхозы екені нақтыланды. Ресейліктер қазір қалтасында құран табылған жауынгердің туған туыстарын іздестіруде.
Сондай-ақ, жат елде қаза тапқан жауынгерді осы жылдың 7 мамыр күні Курск облысы Поныри ауданында құранмен қоса, қайта жерлеу жоспарланып отырғанын ескертеді.
newstaraz.kz