Роза Әлқожа 60 жасқа толған әкесіне көлік сыйлады (фото, видео)
Әнші Роза Әлқожа 60 жасқа толған әкесіне ақ түсті темір тұлпар тарту етті. Әртіс тосын сыйын Шымкентке дейін өзі жүргізіп барған.
Фото: Instagram
«Кешегі төркінге əкеле жатқан жаңалығымыз осы ақ тұлпар болатын! Рөлде өзім отырдым. Асыл адамға арнаған тосын сый еді. «Мейіріміңіз, сеніміңіз, махаббатыңыз үшін рахмет!» деп жазып қойдық. Қуанышқа ортақ болған барша достарға мың алғыс», — деп жазды Әлқожа Instagram парақшасында.
Өнер өкілдерінің басын қосқан дүбірлі мерейтой Шымкент қаласында өтті. Әнші Еркін Нұржанов Роза Әлқожаның қуанышына ортақтасып, әпкесінің алғысына бөленді.
Дереккөз:Nur.kz