Сөз сөйлеген Путиннің «егізі» фонограммадан қалып қойып, әшкере болды
Мәскеудегі баспасөз жиынында сөз сөйлеген Путиннің «егізі» фонограммадан қалып қойып, әшкере болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы vlasti.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2016 жылдың шілде айында болған бұл оғаш жағдайдың видеосы БАҚ көздерінде енді жария болуда. Израиль премьер-министрі Биньямин Нитаньяхумен кездесу кезінде сөз сөйлеген Путиннің «егізі» мәтінді таппай қалып, үнсіз тұрған.
Ал кадр сыртындағы Владимир Путиннің тоқтамай жалғасып жатқан дауысы жиында тұрған азаматтың шын мәнінде Ресей президенті болмауы мүмкін екенін аңдатып қойған.
newstaraz.kz