Сапарбаевтан «ағалап» көмек сұраған бала көпшіліктің жүрегін елжіретті (видео)
Әкімнен көмек сұрап тұрған балақай. Скриншот видеодан алынды
«Аға, аға қараңызшы… Су табиғаттың апаты. Бірақ, қашанғы саяжайға су келе береді? Қашанға дейін біз осылай жүре береміз?», — деді мектеп жасындағы Мақсат Баймаханов.
Мақсат анасымен Қисықкөлдің бойында тұратынын айтты. Үйін су басып, қаңғып жүргенін айтқан балаға облыс әкімі басу айтты.
«Дұрыс, дұрыс түсінемін, білемін. Қазір осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Оны бірден шешуге болмайды. Саяжайдың мәселесі кеше болған жағдай емес. 30-40 жылдан бері қалыптасқан. Иіс, басқасы бар. Біз онымен айналысып жатырмыз», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
newstaraz.kz