«Сапат» түрік мектептерінің түлектері із-түссіз жоғалған Орхан Инандыны тапқан адамға 1 млн доллар береді
Бішкектегі үкімет үйі алдында «Сапат» түрік мектептері желісінің президенті Орхан Инандыны табуды талап етушілердің митингі өтіп жатыр. Инан 1 маусымға қараған түні із-түссіз жоғалған.
Түрік мектептерінің түлектері Инанды тапқан адамға 1 млн доллар сыйақы беретінін мәлімдеді.
«Орхан Инандыны кім тапса, сол түлектер атынан 1 млн доллар сыйақы алады. Ақпарат құралдары осы мәліметті таратсын», — деді акцияға қатысушылардың бірі.
Бұның алдында «Сапат» білім мекемесі де Орхан Инанның қайда екенін білетінін адамға сыйақы беретінін жариялаған. Сыйақы көлемі мәліметтің құндылығына қарай белгіленеді.
Инандының із-түссіз жоғалуы Қырғызстан қоғамында елеулі оқиғаға айналды. Президент Садыр Жапаров іздеуді күшейтуді тапсырса, парламент үкіметті қырғызстандықтар құқықтарын қорғау үшін шешімді қадамдарға баруға шақырды. Қауіпсіздік кеңесінің хатшылығында Орхан Инандының із-түссіз жоғалуына қатысты жиналыс өтті. Құқық қорғау органдары іздеу шараларын күшейтіп, «кісі ұрлау» қылмысына қатысты іс қозғады.
newstaraz.kz