Саудиялық отбасы баласын өлтірген қылмыскерді кешіріп, қажылыққа жіберді
Көрнекі сурет. Фото: islam.kz
Қылмыскерге қатаң жаза берілуін талап етудің орнына Галиб оған кешірім беріп, кеңпейілдік танытады.
«Мен үй қызметкерін бірнеше себептермен кешірдім. Ең бастысы – Алла Тағала біздерге кешірімді болуға бұйырады. Ал, менің барлық ниетім – Алланың разылығына ие болу. Екіншіден, мені ата-анам кешірімді болу өсуге тәрбиеледі, ол кісілер менен үй қызметкерін ақтап алуымды сұрады. Үшіншіден, ешқандай жаза менің қызымды өмірге қайта әкелмейді. Керісінше, жап-жас қыздың өмірін тас-талқан етпей ме?!» – дейді ол.
Галиб полиция бөлімшесінен жас қызға үкім шықпай тұрып, арызын қайтарып алған екен. Жергілікті заң бойынша үй қызметкері өлім жазасына кесілуі тиіс болған.
Галибтың қылмыскер қызға жасаған жақсылығы бұнымен шектелмейді. Оны Индонезияға қайтарар алдында қажылық рәсімін өтеуіне көмектескен екен.
newstaraz.kz