Новости на Newstaraz.

Семейдегі автокөпірдің бір жабын тақтасы құлап, жол жабылды

newstaraz.kz

Семей қаласында 9 тамызда кешке Ертіс өзенінде орналасқан көпірдің бір жабық тақтасы мен таянышы құлап түсті. Соған байланысты көпірдегі жол жабылды.

Семей әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары мен көлік бөлімінің өкілдері көпір «айтарлықтай зақымданбағанын анықтаған», бірақ «қауіпсіздік үшін жолды жабу туралы шешім қабылдаған». Ертіс өзені арқылы өтетін жалғыз автокөпір жабылған соң қалада көлік тығыны көбейген.

Әкімшілік 10 тамызда көпірді тексеру үшін мамандар шақыруды көздеп отыр.

Қала тұрғындары көпірдің жабын тақтасының құлағанына таңқалмайды: 2013 жылы 1961 жылы салынған көпір апатты құрылыс деп танылған.

2013 жылдан бері көпірге косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Оған ондаған миллион теңге жұмсалды. Толықтай жөндеу жұмысы 16-31 миллиард теңге тұрады деп айтылған. Әкімшілік мұндай ақша жоқ деп отыр.

Семейдегі аспалы көпір де жөндеуге сұранып тұр. Оны жапондар салғандықтан, Жапониядан маман шақыртуға қала әкімшілігі қаражат таппаған. Семей әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2024 жылы жаңа көпір салынады деп хабарлаған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »