Новости на Newstaraz.

Сенатор Сұлтанов қазақтардың өз мемлекеті болмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды

newstaraz.kz
Фото: turkystan.kz

Сенатор Қуаныш Сұлтановтың «G20 cаммитінде» жасаған мәлімдемесі ұлт зиялысының наразылығын тудырды. NUR.KZ  автордың Ұлт.кз порталында шыққан мақаласын сол күйінде назарларыңызға ұсынады.

«Кеше кешкісін телевизор қарасам «Қазақстан ұлттық телеарнасының» «G20 cаммитіне» байланысты арнайы шығарылымында қонақта болған сенатор Қуаныш Сұлтан мырза былай деп сөйлеп жатыр екен:

«Қытай өзі дәстүрлі халық. Дәстүріне көп сүйенеді. Бұын-соңды олар Қазақстанды ешқашан мемлекет деп мойындаған емес. Кезіндегі шекара бөлістері 1880 жылғы(?), 1860 жылғы(?) шекара бөлістерінің бәрі Қытай мен Ресейдің арасында болған. Біздің қазақтың жерін бөлгенде қазақ қатынаспаған. Неге қатынаспаған? Мемлекет болмағанбыз. Біз Ресейдің құрамында болғанбыз. Осыны біз қадірлей білуіміз керек. Осыны біз бағалай білуіміз керек…»

Уәж: Қазақстан республикасы құрылғанға небары 25 ақ жыл болды. Бірақ біз «Аспан асты елі» деп атайтын Қытайдың өзі ежелден «Қытай халық республикасы» деп аталмаған. Қытай ертеден Цин, Хан, Таң, Сун, Юан, Мин, Цин, т.б. деп әр түрлі аталған. Біз де 2500 жылдан бері Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Түрік, Оғыз, Қарахан, Түркеш, Қарлуқ, Қимақ, Қыпшақ болып әр түрлі аталдық. Олардың толыққанды мемлекет екенін, өздерімен саяси-экономикалық және мәдени байланыста болғанын сол қытай деректерінің өзі баспа-бас дәлелдейді. Ендеше, неге біз осындай пікір алаңдарында «мемлекет болмағанбыз» деген сөзді айтуға дайын тұрамыз? Ондайда «Ежелгі қазақ жерінде мемлекет құрғанымыз» қайда қалады?

Бұл бір. Екіншіден, Қазақ хандығы Абылай ханның дәуірінде Қытаймен тепе-тең қарым қатынаста болған. Ол туралы деректер манжу тіліндегі мұрағат құжаттарында жатыр. Абылай еш қашан да орысқа да, қытайға да бодандық туралы ант бермеген. Қытайларға шекарасын анық айтқан. 1758 жылдың жазында Қазақтың Үш жүзінің батырлары ел үшін, жер үшін жұдырықтай жұмылып Іле өзенінің бойында жүрген. Мақсат манжулар (қытайлар емес) жерімізді алып кетпесін деген алаңдаушылық еді. Манжу үкіметінің өзі «Қазаққа жоңғарлар секілді мәміле жасауға болмайды, олар бөлек ел»-деген. Аблай хан бодан болғанды қойып Манжау мемлекетіне шығыстағы ата мекенімізді қайтарып берсеңіздер деп талап қойған. Қазақ мемлекеті жойылса тек 1822 жылдан соң жойылды. Онда да Ресей қару күшімен басып алды. Ресей мен Қытай арасындағы келісімге қазақ «бұрын мемлекеті болмаған соң қатыспады» емес, мемлекеті күшпен жойылған соң қатыса алмады.

Үшіншіден, біз Ресейге бодан болып тұрған кезде Қытайдың өзі манжуларға бодан болатын. Әйтпесе, Сун Ятсен не үшін күресті? Оны біздің «сарабдал саясатшы», «сұрғыған дипломат», Қытай туралы бас маман неге білмейді? Ресей империясының боданына айналғанымыз үшін оған дейінгі мемлекеттік дәстүрімізді, тарихымызды сызып тастауымыз керек пе еді? Онда Қытай неге 1840 жылғы апиын соғысынан бұрынғы тарихын сызып тастамайды? Неге мемлекет болмағанбыз, өйткені Англияның, Франция мен Германияның, Ресей мен Жапонияның отары болғанбыз, астанамыз Бейжіңге дейін солар басып алған деп айтпайды?! Не үшін Үндістан, Мысыр, Иран солай айтпайды?

Төртіншіден, 1880 және 1860 жылғы келісім деген қай келісім? Ресей мен Цин империясы арасында біздің шекарамызға қатысты сырттай бөліп алу келісімдеріне тек 1864 және 1881 жылдары қол қойылмап па еді? Қытайтанушы, білікті саясаткер бұл жерде тағы қандай келісім шарттарды тауып шығып отыр?

Қорытып айтқанда, сенатор Қуаныш Сұлтанұлының бұл сұхбаты мен үшін жаға ұстатқан сұхбат болды. Қазақта «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйды» деген мақал бар. Бізде «білгіш, білгіш» деген сайын лауазымы мен атақ-абыройына сүйеніп дерек пен қисынды ойдан құрап соғатындар және сол өтірігіне еш шімірікпейтін «білгіштер», «данышпандар» көбейді. Олар жай, әдеттегі мәселелер туралы пікір білдіріп жатса бір сөз, мемлекет пен ұлттың тарихи санасын шатастыратын керағар пікір айтатыны өте қауіпті. Оның үстіне, бұл сөздер халық сенім білдірген адамдардың аузынан шығып жатса не дейсіз. Мұның аты не? Аңдамай сөйлеу ме? Жауапсыздық пе? Жоқ, әлде біліп айту ма?!», — деп сауал тастайды мақала авторы.

Мақала авторы Тұрсынхан Зекенұлы

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »