ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті
Ішімдік ішкен оқушының ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданында ішімдік ішкен 15 жастағы оқушы қыз бірінші сатыдағы комаға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Тоғызыншы сынып оқушысы Мәдениет және спорт сарайында алкогольді ішімдік ішкен. Кейін ол өзін жаман сезініп, іс-әрекетіне саналы түрде жауап бере алмайтын бірінші сатыдағы комаға түскен.
Қыздың ата-анасына қатысты полиция «Кәмелеттік жасқа толмағандарды тәрбиелеу міндетін орындамау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
newstaraz.kz