Новости на Newstaraz.

Ұшақ апатына байланысты Оренбургте 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды

newstaraz.kz

Ан-148 ұшағында болған 71 адамның барлығы қаза тапқан.

Мәскеу маңында болған ұшақ апатына байланысты Ресейдің Оренбург облысында 12 ақпан қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды  Хабар 24.

Соңғы мәліметтерге қарағанда «Саратов әуекомпаниясына» тиесілі Ан-148 ұшағында болған 71 адамның барлығы қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, құрбандардың үшеуі – бұғанасы қатпаған бала. Екеуі – шетел азаматы.

Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген ұшақ бірнеше минуттан кейін радар бетінен жоғалып кетті. Көп ұзамай, әуе көлігінің бөлшектері Степанов елді мекенінің маңынан табылды. Ұшақтың қалай құлағанын жергілікті тұрғындар көрген. Олардың айтуынша, әуелі жарылысты естіген. Кейін құлап келе жатқан ұшақты байқаған. Оқиға орнына жеткен төтенше жағдайлар қызметі апат болған екі шақырым радиустағы аумақты қоршап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

– Жер сілікінгендей болды. Үйіміздің қабырғасы қозғалды. Жарылыс қуаты өте қатты сезілді. Кенет көктен құлаған ұшақты көрдік. Ауыл тұрғындары жапа тармағай солай қарай жүгірдік. Ұшақ қалдықтары 400-500 метрдей жерде шашылып жатты. Бірақ тірі қалған адамды көрмедік, деді ұшақ апатының куәгері Зоя Пивоварова.
Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар «Саратов әуекомпаниясы» мен Домодедово әуежайларында тексеру жұмыстары басталды. Әзірге террорлық шабуыл жасалды деген болжам да қарастырылып жатыр. Алайда лаңкестік әрекет болу мүмкін емес дейді мамандар. Апат аймағынан ұшақтың қара жәшігі табылды.

– Ұшақ апатына қатысты жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауа райының қолайсыздығы, адамның қателігі, немесе техникалық ақау болуы да мүмкін. Барлық нұсқаны жіті зерттейміз, дейді РФ Тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренко.
Мәліметтерге қарағанда қаза тапқандардың басым бөлігі – Оренбург облысының тұрғындары. Өйткені ұшақ Мәскеуден Оренбург облысының Орск қаласына бара жатқан. Алдын ала мәліметтерге қарағанда бортында екі шетел азаматы болуы мүмкін. Олар Швейцария мен Әзербайжан елдерінен. Төтенше жағдайлар қызметі Мәскеуден Орск қаласына дәрігерлер мінген арнайы ұшақ жөнелтті. Олар марқұмдардың ДНҚ сынамаларын жинап, аты-жөнін анықтауға кіріседі. Мамандардың айтуынша, зерттеу жұмыстары 2-3 айға созылуы мүмкін. Қайғылы жағдайға байланысты Ресей Президенті Владимир Путин қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »