Шымкентте қоқыс маңынан табылған тастанды нәресте ауыр халде жатыр
Көрнекі сурет. Фото әлеуметтік желіден алынды
Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Көшеден табылған қыз баланың салмағы 2 келі 775 грамм. Бүгінде дәрігерлер сәбидің жағдайы тым ауыр екенін айтуда.
«Сәбидің денсаулығы нашар. Оның тыныс алу жолында үлкен кедергілер бар. Тыныс алуы өте қиын. Сондай-ақ, онда Даун синдромының белгілері байқалады», — дейді дәрігерлер.
Еске сала кетейік, сенбі күні Шымкенттегі «Дау-Мед» емханасының жанындағы қоқыс жәшігінің маңынан кішкентай сәби табылды. Қан жоса болған сәбиге қарап, оны анасы далада туып, қалдырып кеткен деген болжамдар жасалуда.
Сәби табылған күні кезекшілікте болған емхана күзетшісі мұндай жағдайға қандай ананың жүрегі шыдағанына таң қалып отыр.
newstaraz.kz